Норвегия королі мен патшайымы коронавирусқа қарсы вакцинация салдырды
Норвегия королі Харальд V пен Соня патшайым SARS-CoV-2 коронавирустық вакцинасының алғашқы дозасын алды. Бұл туралы «Klartale» басылымы король сарайының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап хабарлаған.
Онда айтылуынша, король мен патшайым Pfizer фирмасының вакцинасымен емделген. Вакцина тиімді болу үшін монархтар үш аптадан кейін екінші инъекцияны қабылдайтын болады. Олармен бірге ханшайым Астрид те вакцина салғызған. Оның жасы қазір 88-де, патша мен патшайым 83 жаста. Сондықтан олардың үшеуіне де қауіп төніп тұр.
Бірақ бұл жағдайға король Харальд V көп алаңдамайтынын жетікзіп, коронавирустық инфекцияның оған қауіп төндіруі екіталай, өйткені ол көп уақытын жалғыз өткізетінін білдірген.
Норвегияда коронавирустық пандемия басталғаннан бері індет жұқтырған 56 615 жағдайы тіркелген. Содан – 17998 сауығып, 482-сі қаза тапқан.