Норвегия корольі Малайзияда ауруханаға жатқызылды
Норвегия корольі Харальд V инфекцияға байланысты Малайзияда ауруханаға жатқызылды.
«Король Малайзияда демалыста жүргенде ауырып, инфекциямен ауруханаға түсті. Оған Малайзия мен Норвегиялық медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсетуде», - делінген Норвегия корольдік үйінің сейсенбі күнігі мәлімдемесінде.
87 жастағы Харальд V Малайзияда жеке сапарда. Ол 8 наурызда Ослодағы король сарайында министрлер кабинетімен кездеседі деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, 1937 жылы 21 ақпанда дүниеге келген Харальд V 1991 жылы Норвегия тағына отырды.