English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Норов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
16:47 / 2022-09-20

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Терроризмге қарсы департаментінің басшысы Владимир Воронковпен кездесу өткізді.

СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Өзбекстан Республикасының БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастығы практикалық мазмұнмен байып, сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілгенін қуанышпен атап өтті.

Түрлі салаларда, соның ішінде БҰҰ-ның Орталық Азиядағы терроризмге қарсы жаһандық стратегиясы бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспары және екіжақты ынтымақтастықтың «Жол картасын» іске асыру жөнінде байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бар екені расталды.

В.Воронков Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды, республиканың халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудегі белсенді күш-жігерін қолдап. Өзбекстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына табысты төрағалығы мен таяуда Самарқандта өткен саммиті айтарлықтай нәтижелермен аяқталғанын жоғары бағалады.

Өзбекстанның аймақта тыныштық пен тұрақтылықты сақтау, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, толеранттылықты, дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту, тиімді жастар саясатын жүргізу, қақтығыс аймақтарынан әйелдер мен балаларды қайтару және олардың қоғамға интеграциясын қамтамасыз етудегі жетістіктері атап өтілді. 

ӨзА