«Норманд төрттігі» кездесуінде қандай шешімге келді?
Бұл кездесу 2014 жылдан бері екінші рет өтті
2014 жылдан бері екінші рет өткен бұл кездесу ең негізгі мәселені шеше алған жоқ. Бірақ бұл диалогтың бастауына жол ашты.
«Норманд форматы» келіссөздері алдынан әлемдік саяси сарапшылардың болжамы бойынша бір кездесу нәтижесімен Донбасстағы шиеленісті шешу мүмкіндігінің ықтималдылығы төмендігі айтылып, күткендей-ақ Париждегі кездесу көп нәтиже бермеді. Дегенмен Ресей және Украина арасындағы қату қабақты көзқарастың өзгеруіне мұрындық болды. Өйткені екі ел жыл соңына қарай тұтқындарды босату жөнінде келісімге келді.
Зеленский мен Путин арасындағы алғашқы жүздесу көп нәтиже бермесе де алдағы уақытта ынтымақтастықтың бағыты басым, деп пікір білдірген Германия және Франция басшылары. Ал Зеленский Путинмен кездесуі жайлы «Біз Ресеймен диалогты жолға қойдық, бұл меніңше жақсы нәтиже»-деген болса, Ресей басшысы «Жағымды өзгеріс, жылулық бар ма? Менің ойымша, бар секілді», деген.
«Норман төрттігі» 4 айдан кейін тағы өтетін болып, оның басты тақырыбы - Донбасста сайлау өткізу. Осы сайлау нәтижесінде Донбассқа тұрақты түрде мәртебе берілуі мүмкін.