Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Nokia» компаниясы өзінің алғашқы ноутбугын шығарды
17:25 / 2020-12-16

«Nokia» компаниясы Үндістан нарығына арналған PureBook X14 ноутбугын ұсынды. Ол Walmart-қа тиесілі Flipkart-пен серіктестікте жасалған.

«TechCrunch» мәліметінше, сатылымның басталу күні әлі белгісіз. Ноутбуктің құны - 59 990 рупия (815 доллар). Ноутбук тек Үндістандағы Flipkart арқылы сатылатын болады - бұл құрылғы үшін жалғыз нарық көзі.

Максималды жұмыс жиілігі 4200 МГц дейінгі 10-шы буын Intel Core i5 төрт ядролы процессорына ие PureBook X14 ноутбугтың қуаты 8 сағатқа жетеді. Құрылғының салмағы шамамен 1,1 келі болып, 14,8 дюймдік Full HD IPS экран, 512 гигабайт NVMe SSD, 8 гигабайт DD4 RAM және Intel UHD 620 видеокартасымен жабдықталған.