Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нодирбек Абдусаттаров: «Ең үлкен арманым – әлемдік шахмат тәжін Өзбекстанға әкелу»
15:10 / 2023-01-14

44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпазы, рапид бойынша 2021 жылғы әлем чемпионы, көптеген халықаралық турнирлер жеңімпазы Нодирбек Абдусаттаров әлемдік шахматшылар арасында өзіндік орны бар гроссмейстердің бірі.

2022 жыл Нодирбек Абдусаттаров өмірінде ұмытылмас оқиғаларға толы болып, 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында чемпион атанды. «Tata Steel Chess India» турниріне, Бакуде өткен «Вугар Гашимовты» еске алуға арналған VIII халықаралық турнирге, Түркия, Исландия, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен беделді халықаралық жарыстарға сәтті қатысты. Жылдың соңғы жарысы – рапид және блиц бағыттары бойынша Алматыда өткен әлем чемпионатына ол өз мүмкіндігі деңгейінде қатыса алмағаны көрінді.

Әлемдік шахмат мамандары «Өзбек вундеркинді» деп бағалаған Нодирбек Абдусаттаров үшін жыл қалай болды? Шахматшы өз нәтижелеріне көңілі тола ма? Осылар жайлы  шахматшымен әңгімелестік.

– Нодирбек, ең алдымен сізді және барлық жақындарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Айтыңызшы, 2022 жылғы нәтижелеріңізге көңіліңіз тола ма?

– Құттықтауыңызға рахмет. Өткен 2022 жыл Өзбекстан шахматшылары үшін өте сәтті болды. Ең бастысы, 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жеңіске жеттік. Жеке мен үшін жыл жарыстарға толы болды. Бір жыл ішінде шахмат олимпиадасынан бөлек Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Үндістан, Исландия, Әзірбайжан сияқты бірқатар елдерде өткен турнирлер мен чемпионаттарға қатыстым. Фишер бағытындағы әлем чемпионаты, Бакуде өткен «Вугар Гашимов» және «Tata Steel Chess India» атты VIII халықаралық турнирге әлемнің ең мықты шахматшылары қатарынан ресми түрде шақырылуым менің мансабымдағы ерекше оқиға болды.

Фишер бағытында әлем чемпионаты мен «Tata Steel Chess India» турнирі үлкен шеберлік мектебі ретінде есте қалды деуге болады. Көп тәжірибе жинадым. ФИДЕ рейтингінің жетекшілерімен бақ сынастым. Кейбірін жеңдім, кейбірімен тең түстім. Кейбір жағдайларда мүмкіндікті жіберіп алдым. Менің ойымша, Баку мен Шарджа турнирлерінде жеңіске жету жылдағы үлкен жеңісім болды. Бір жыл ішінде әлемнің ең мықты шахматшыларымен бәсекелестігім осы алдағы кездесулерге негіз болды.

– Алматыдағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты туралы пікіріңіз қандай?

- Рапид және блиц бағыты бойынша Бакуде өткен «Вугар Гашимов» атындағы 8-ші халықаралық турнирі, Алматыда өткен әлем чемпионаты алдындағы жарысқа тәжірибелік, техникалық және тактикалық дайындық болды. Әлем чемпионатының рапид кездесулерін жақсы бастадым. Бірінші күнгі кездесуден кейін 5 ойынның 4-інде жеңіске жетіп, 1 рет классикалық шахматтан әлем чемпионы Карлсеннен ұтылдым. Екінші күнгі кездесулерде 2 жеңіс пен 2 тең ойынға қол жеткіздім. Үшінші күні үндістандық Видит Сантошқа қарсы кездесуде күтпеген қателік жіберіп, жеңілдім.

– Осы жағдайда біреу немесе қандай да бір оқиға сіздің ойыңызды бөлді ме? Өйткені үндістандық қарсыласыңызды жеңуге жеқын тұрып мүмкіндікті жіберіп алдыңыз.

- Білмедім. Ешқандай шатастыратын жағдайлар орын алған жоқ. Негізі мен өзім ойын барысында ешқандай жағдайға мән бермеймін. Бірақ, біздің матч кезінде, басқа үстелде ойнап жатқан Карлсен көз алдымда жеңіліп қалды. Осындай жағдайда мен қателеспей тырысқанда, рапид бойынша әлем чемпионатының жарысы мүлде басқаша аяқталар еді. Мүмкін осы жағдай мені аздап алшақтататын шығар. Бірақ жарыс үлкен психикалық стрессте өтті. Дегенмен нәтижеге мүлдем өкінбедім. Бұл болуы керек болған және солай болды.

– Классикалық шахматтан әлем чемпионы Карлсенмен ресми жарыстарға қай кезден бастап қатыса бастадыңыз? Осы уақытқа дейінгі араларыңыздағы есеп қандай?

- Карлсенмен 2019 жылдан бері күш таластырып келемін. Алғашқы кездесулерде мүмкіндіктен жіберіп алдым. 2021 жылдан бастап кейбір жағдайларда басымдыққа ие бола бастадым. Биыл бірнеше турнирде бағымызды сынап көрдік. Кейбір партияларда мен жеңдім, кейбірінде ол жеңді. Алматыда өткен әлем чемпионатында мынаны байқадым, ол менің ойын тактикамды көп меңгергенін сезіндім. Сондықтан алдағы кездесулерде әртүрлі тактика қолдануға тура келеді. Магнус Карлсенмен қанша рет кездесу өткізгенімді, есептің қалай болып жатқанын осы күнге дейін ойланбаппын.

– Өткен жыл соңында жылдың үздік спортшылары, командалары мен бапкерлері анықталды. «Жылдың үздік спортшылары» қатарында болмағаныңызға ренжімейсіз бе? 

- Жоқ, әрине. Елімізде үлкен жетістіктерге жетіп жүрген мықты спортшылар көп. Ол шараны көруге уақытым болмады. Дәл сол кезде Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысып жатқанбыз. Нәтижесін кейін естідім.

– Жоғары жеңістерге жету үшін арнайы бағдарламалар, нақты мақсатты жоспарлар әзірленеді. Биылғы жылға қандай жоспарларыңыз бар?

– Өткен 2022 жылы үлкен мақсаттарға жоспарлар қойып, соның негізінде көп жеңіске қол жеткіздік. Биылғы жылы Өзбекстан шахмат федерациясының басшылығымен және жаттықтырушыларымызбен бірлесе отырып, қандай жарыстарға қатысу, қайсысын тікелей бақылау, оқу-жаттығу жүйесін жеке немесе ұжымдық түрде жүргізу мәселесі бойынша жылдық жұмыс жоспары жасалған. Сондықтан халықаралық турнирлер мен жаттығуларға жеке немесе команда болып қатысады. Өзіме келсем, 7 қаңтарда Голландияға кетемін. Ол жерде белгілі бір уақыт бойы жаттығамын. Одан кейін 13-29 қаңтарда осы елде өтетін супертурнирге қатысамын. Сосын 2-3 ақпанда Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін беделді турнирдің командалық жарысына, 15-26 ақпанда жекелей сында өтетін жарыстарға қатысамын.

– Сіз үшін биылғы жылдың ең үлкен мақсаты қандай?

– Менің ең үлкен арманым – әлемдік шахмат тәжін Өзбекстанға әкелу. Бұл биыл бола ма, кейінірек бола ма, бар күш-жігерім осы мақсатқа бағытталған.

– Алға қойған асыл мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспіз.

- Рақмет.

 

сұхбаттасқан Т.Рузиев