Нобель сыйлығын ала алмаған Трампты Мысыр мен Израиль марапаттамақ
Мысыр президенті Нобель сыйлығынан құр қалған Дональд Трампты «ынталандыруды» көздеп отыр.
Абдулфаттах ас-Сиси АҚШ президентіне бейбітшілікті насихаттаудағы еңбегі үшін Мысырдың ең жоғары наградасы — «Ніл орденін» табыстамақ.
Сондай-ақ Израиль де Трампты өз елінің жоғары мемлекеттік марапатымен марапаттауды жоспарлап отыр.