Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нөкістен Ақтауға тұрақты әуе рейстері жолға қойылды
13:00 / 2025-07-06

Centrum-Air әуе компаниясы «Нөкіс – Ақтау – Нөкіс» бағытында тұрақты рейстерді іске қосты.

Аталған компанияға тиесілі ұшақтың алғашқы рейсі 3 шілдеден бастап «Ақтау – Нөкіс» бағыты бойынша ұшып келіп, Нөкіс халықаралық әуежайына қонды.

– Жаңа рейстің алғашқы жолаушыларының бірі болғаныма қуаныштымын, – дейді Қарақалпақстан Республикасының Қоңырат ауданы тумасы Ықыласбай Камалов. – Ұлыммен бірге Ақтау қаласына бара жатырмыз. Бұрын барып-қайту өте қиын болатын. Бұл жолы билеттерді онлайн сатып алдық, ешқандай қиындық болған жоқ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарақалпақстанның туристік әлеуетін арттыру және халқымызға көрсетілетін әуе қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында іске қосылған бұл жаңа әуе рейстері көрші елдермен жан-жақты байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.