Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нөкісте БАӘ 27 миллион долларға 100 орындық аурухана салады
17:49 / 2021-05-28

БАӘ-ның Халифа бин Бин Заид әл-Нахаян қайырымдылық қоры гранты есебінен Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында заманауи ана мен бал ауруханасы салынады.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаражат бөлу Өзбекстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін БАӘ Халифа бин Бин Зайд әл-Нахаян қайырымдылық қорынан техникалық көмек тарту туралы БАӘ мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімде көрсетілген.

Құжатқа Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Шухрат Вафоев пен БАӘ Қаржы министрінің орынбасары Юнис Хаджи Әл--Хури 26 мамырда өткен бейнеконференцияда қол қойды.

100 орынға арнғалған ауруғана жобасының құны 27 млн долларды құрайтын болып, ол аймақтағы дизайны және техникалық жабдықталуы жағынан үздігі болады. Онда перзентхана мен бала босану, жаңа туған нәрестелерге арналған бөлмелер, ана мен бала реанимациясы, хирургия бөлімшелері, амбулаториялық-емханалық және консультативті диагностикалық бөлімдері мен зертханалар орын алады.

Қазіргі уақытта атаулы нысанның құрылыс жұмыстары басталып, оны 2022 жылдың соңына дейін толығымен аяқтау көзделген.