Нөкіс әуежайының қызметіне шектеу қойылды
Нөкіс халықаралық әуежайының жұмысы коменданттық сағат мерзімінде уақытша шектеледі.
Uzbekistan Airports баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізу және Президент қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында коменданттық сағатта (21:00-ден 07:00-ге дейін) әуежайдың жұмысы шектеледі.
Осыған байланысты «Uzbekistan Airways» АҚ-ның 2022 жылдың 3 шілдесіндегі Ташкент-Нөкіс-Ташкент бағыты бойынша HY017/HY018 рейсі тоқтатылды.
Әуе компаниясы жолаушыларға рейсттердің кешігуі туралы хабарлағаны айтылған ақпаратта.