Нөкіс қаласында «Nukus Evolution Expo – 2023» электромобильдер көрмесі өтті.
Қазіргі уақытта әлемдік нарықта электромобильдер өндірісі қарқынды дамып жатқанына орай Өзбекснада электромобильдерді импорттауға біршама жеңілдіктер берілуде. 2019 жылдан бастап электромобильдерді әкелу үшін кедендік баж және акциздер алынып тасталды.
[gallery-13114]
Сауда-өнеркәсіп палатасының Қарақалпақстан Республикасы Әкімшілігінің Нөкіс қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Nukus Evolution Expo – 2023» электромобильдер көрмесінде келушілер заманауи жасыл энергияның символы болған – электромобильдер үлгісімен танысып, оларды сатып алу, бөліп төлеу, несие немесе жалға беру шарттарын біліп қана қоймай, көрме алаңында сатып алуды жүзеге асырды.
Шараға «E-Car finance», «BYD Nukus» және «Avto motors Asia» компаниялары, коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар қатысты.
суреттерді түсірген Мақсат ХАБИБУЛЛАЕВ, ӨзА