Нүкіс – Мойнақ – Ташкент әуе бағыты жолға қойылуда
2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Нүкіс – Мойнақ – Ташкент бағыты бойынша рейстер жолға қойылады.
«Uzbekistan Airways» АҚ-ның хабарлауынша, бұл Мойнақ пен Нүкіс тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және жолаушылардың талап-тілектерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда.
Әуе рейстері аптаның әр дүйсенбі күндері орындалады.
Сондай-ақ, тек 9 қыркүйекте ғана HY-012 Нүкіс-Ташкент рейсі Мойнақ аэропортына қонып, жолаушыларды бортқа шығарып, белгіленген кесте бойынша ұшатын болады.