«Нөкіс мемлекеттік техникалық университетін құру туралы» Президенттің Қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, Науаи мемлекеттік тау-кен және технологиялар университетінің Нөкіс тау-кен институты мен Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің Нөкіс филиалы негізінде Нөкіс мемлекеттік техникалық университеті құрылатын болады.
Университеттің басты міндеті – өнеркәсіп, техника-технология, инженерлік салаларда жоғары білімді мамандарды даярлап, ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру.
Университетте озық инженерлік мектеп құрып, болашақтағы инженерлердің сапалы білім алуына жағдай жасалады.
2025/2026 оқу жылына дейін университеттің тәжірибе-өндірістік («spin-off») кәсіпорны құрылып, ғылыми-зерттеу мен өндірістік жұмыстың тиімді байланысы орнатылады.
2025/2026 оқу жылынан бастап университеттің оқыту жүйесі халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа бағалау жүйесімен толықтырылады. Бұл жүйе университет студенттерінің пәндерді меңгеру көрсеткішін және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Амудария инженерлік-технологиялық техникумында инженерлік мамандықтар бойынша кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша орта буын кадрларын даярлау ісі толық мемлекеттік грант негізінде жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта білім алып жатқан барлық студенттер өз оқуын университетте жалғастырады, ал биылғы бітіруші курс студенттеріне белгіленген тәртіп бойынша университет дипломы беріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда «Түркі мемлекеттері халықаралық университетін құру» туралы және «Cyber university» мемлекеттік университетін ашу жайында Президент қаулысы қабылданған еді.