Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ницца қаласында болған шабуылдан үш адам қайтыс болды
15:03 / 2020-10-29

Францияның Ницца қаласы орталығындағы Нотр-Дам шіркеуінің жанында пышақпен қаруланған белгісіз біреу адамдарға шабуыл жасады


Францияның Ницца қаласы орталығындағы Нотр-Дам шіркеуінің жанында пышақпен қаруланған белгісіз біреу адамдарға шабуыл жасап, нәтижеде үш адам қайтыс болды.

Бұл жағдайға байланысты Ницца мэрі Кристиан Эстрози Twitter-де қылмыскердің ұсталғаны туралы хабарлама жариялап, жедел әрекет еткені үшін полицияға алғыс білдірді.

Шабуыл жергілікті уақыт бойынша 09:00-де болған. Шабуылдаушы оқиғадан 10 минут өткен соң қолға түскен. Қылмыскердің кім екендігі және оның шабуылды қалай жасағаны туралы қазірге толық ақпарат жоқ.

Елдің Ішкі істер министрі Джеральд Дарманеннің айтуынша, оқиғаға байланысты министрлікте дағдарысқа қарсы штаб құрылған. Бұл оқиғадан хабар тапқан Франция президенті Эммануэль Макрон мен премьер-министр Жан Кастекс сол мекенге аттанған, деп хабарлайды «France Info».