Латвия Ғылым академиясы Экономика институтының директоры Нина Линде Өзбекстандағы конституциялық реформаларға өз көзқарасын білдіріп, «Dunyo» ақпараттық агенттігіне ел әлеуметтік мемлекет қағидаттарын конституциялық бекіту үшін берік негіз құрылғанын айтты.
– Латвия, Өзбекстанда Президент Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен басталған конституциялық реформаны қызығушылықпен бақылап отыр, – дейді сарапшы.
– Реформаның өзі және ұсынылып отырған түзетулер жан-жақты сипатта халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізіледі. Сонымен бірге, менің ойымша, Конституцияда «Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» қағидасының бекітілуіне ерекше назар аудару керек. Бұл үшін Шавкат Мирзияев президенттік жылдарында берік негіз қаланды деп есептеймін.
Атап айтқанда, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, баланың мүддесін қорғау, мемлекет тарапынан 1 миллион мүгедекке қажетті жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасауға кепілдік беру, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, халықаралық озық тәжірибеге негізделген инклюзивті білім беру шаралары сияқты мемлекеттік шараларды атап өтуге болады.
Әсіресе, мемлекеттің еңбек құқықтарына кепілдік берудегі және халықтың лайықты өмір сүру жағдайларын жасаудағы, оның ішінде кедейшілікті жүйелі түрде төмендету мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтерудегі белсенді рөлін ерекше атап өткім келеді.
Осы орайда, бұл мәселенің бар екендігі туралы бір кездегі мәлімдемені Өзбекстан басшысының күшті саяси ерік-жігерінің көрінісі және оны мақсатты түрде шешудің дұрыс бастамасы деп бағалау керектігін атап өткім келеді. Ал, кедейшілік мәселесін шешуге кешенді түрде жүргізілген жүйелі әрекет, яғни, елдің түкпір-түкпіріндегі күн көрісі төмен отбасылардың жағдайын анықтауға арналған «темір», «әйелдер» және «жастар» дәптері сияқты инновациялық механизмді енгізу өз жемісін беруде.
Тұтастай алғанда, соңғы жылдары қол жеткізілген прогрессивті нәтижелерді заңнамалық тұрғыдан бекіту және Шавкат Мирзиеев бастаған жан-жақты және ұзақ мерзімді реформалар үдерісінің қайтымсыздығына кепілдік беру үшін конституциялық реформаны жүргізу талабы айқын.