Никос Христодулидис Кипрдің жаңа президенті болып сайланды
Бұрынғы сыртқы істер министрі, консерватор Никос Христодулидис Кипрдің жаңа президенті болып сайланды.
Ол Кипрдегі президенттік сайлаудың екінші турда 51,9 пайыз (Дауыс берушілердің 72,2 пайызы дауыс) жинап жеңіске жетті.
Христодулидистің қарсыласы, солшыл күштер қолдайтын Кипрдің БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Андреас Маврояннис 49 пайыз дауысқа ие болып, жеңілгенін мойындады.
49 жастағы Никос Христодулидис алдағы бес жылда ең жоғары мемлекеттік лауазымды атқарып, Кипрдің сегізінші президенті болады.