Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Никарагуа Нидерландымен қарым-қатынасын тоқтатты
11:03 / 2022-10-01

Никарагуа Сыртқы істер министрлігі Нидерландымен қарым-қатынасын тоқтатты.

РИА Новости дерегінше, Никарагуа Нидерландымен дипломатиялық қарым-қатынастарды  тоқтатуына елдің ішкі істеріне араласуына байланысты екені айтылады.

Министрлік Нидерланды Никарагуаға қатысты интервенциялық және неоколониалдық саясат жүргізіп жатыр деп санайды. Корольдік «никарагуалық отбасыларды қорқытып, байырғы және афро қауымдарындағы ауруханалар сияқты қоғамдық жұмыстарды тоқтатып, ренжітті және ренжітуді жалғастыруда» делінген.

Никарагуа басшысы Даниэль Ортега жұма күні Нидерландының Орталық Америкадағы елшісі Кристин Пиренннің ел ісіне араласуын айыптап, Никарагуаға енді келмеуі керектігін айтқан. Бұл жағдай, Нидерландының Кариб теңізі жағалауында аурухана салудан бас тартуынан кейін болған.