Нигерияның орталығындағы шабуылдан кем дегенде 18 бейбіт тұрғын қаза тапты
Жексенбі күні кешке қарулы адамдар Нигерияның орталығындағы Бенуэ штатындағы ауылға шабуыл жасап, кем дегенде 18 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Гума жергілікті өзін-өзі басқару аймағындағы Ийе ауылына жасалған шабуылдың салдарынан ондаған тұрғын да зардап шеккен.
Аудандық қауіпсіздік қызметкері Кристофер Вакудің айтуынша: «Кеше /жексенбі/ кешкі сағат 18-19 аралығында Гума жергілікті өзін-өзі басқару аймағындағы Ийе ауылында 18 адам қаза тапты».
Хабарламада, қазіргі уақытта полиция қашып кеткен содырлардың ізіне түскені айтылған.
Соңғы айларда адам өлімімен және ұрлаумен болған қарулы шабуылдар Нигерияның кейбір бөліктеріндегі басты қауіпсіздік қатерлерінің біріне айналған.