Нигерияның орталығында қайық апатынан ондаған адам қаза тапты
Нигерияның орталығында кеме аударылып, ондаған адам қаза тапқан.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, кемедегі басқалары із-түзсіз жоғалып кеткен.
Оқиға дүйсенбіде Патиги жергілікті өзін-өзі басқару округінің Кпада қауымдастығында ондаған адам көршілес Нигер штатынан үйлену тойынан қайтып келе жатқан кезде болған, деп хабарлаған Квара штатының губернаторы Абдулрахман Абдулразактың баспасөз хатшысы Рафиу Аджакайе.
А.Абдулразақ оқиғаны «апат» деп атап, құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын алайда құрбан болғандардың нақты санын атамаған.
«Губернатор ықтимал аман қалғандарды іздеуге бағытталған ауқымды құтқару жұмыстарының барысын бақылауды жалғастыруда», - делінген хабарламада.
Квара штатының полиция өкілі Аджайи Окасанми мәлімдемесінде қайғылы оқиға кезінде кемеде 100-ге жуық адам болғанын мәлімдеген.