Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигерияда жарылыс: қаза тапқандар бар
10:52 / 2025-12-26

Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Борнo штатындағы мешітте жарылыс болып, көптеген адам қаза тапты.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жанкешті Гамбару ауданындағы орталық мешітте кешкі намазға жиналған адамдарды нысанаға алған. 

Қазіргі уақытта ешбір ұйым шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда сарапшылар терактінің артында «Боко Харам» ұйымы тұруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Белгілі болғандай, «Боко Харам» террористік ұйымы Нигерия аумағында 2000 жылдардың басынан бері белсенді әрекет етіп келеді. 2009 жылдан бері ұйымдастырылған жаппай терактілер салдарынан ондаған мың адам қаза тапқан. Әсіресе, бұл қарулы топ 2015 жылдан бастап көршілес Камерун, Чад және Нигер елдерінде де шабуылдар ұйымдастырған. Ұйымның Чад көлі алабында жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 2 мың адам қаза болған еді.