Нигерияда хайуанаттар бағы су тасқынынан қирап қалды
Нигерияның солтүстігінде болған су тасқыны, арыстан, қолтырауын және түйеқұстар секілді әртүрлі жабайы жануарлар мекендейтін үлкен зоопаркдегі жануарлардың 80 пайызын жойып жіберді.
«Sanda Kyarimi Park» хайуанаттар бағы әкімшілігі қолтырауын және жыландардың халық тығыз орналасқан аудандарға кіріп кеткенін хабарлады.
«Associated Press» мәліметінше, қатты жауған жаңбырдың нәтижесінде бөгет жарылып, Борну штатының астанасы Майдугури қаласының шамамен 15 пайызы су астында қалып, мыңдаған адам баспанасынан айырылаған. Тасқын құрбандары туралы әзірге ақпарат берілмеген.
Мемлекет басшысы Бола Тинубу табиғи апат штаттың үлкен аумағына әсер еткенін, ең көп зардап шеккен аудандардан тұрғындардың эвакуацияланатынын мәлімдеді.