Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
09:06 / 2021-05-22

Нигерия әуе күштеріне тиесілі ұшақ елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Кадуна мемлекеттік халықаралық әуежайында құлады. Нәтижесінде сегіз әскери азамат қаза болған.

Нигерия әскери-әуе күштерінің баспасөз қызметі Twitter-де жариялаған хабарында, 21 мамыр жұма күні Кадуна әуежайы маңында Нигерия әскери-әуе күштері ұшағының апатқа ұшырауынан сегіз адам, оның ішінде елдің құрлықтағы күштері штабының бастығы генерал-лейтенант Ибрагим Аттайру да қаза тапқаны айтылған.

Reuters-тің хабарлауынша Аттайру Кадуна штатында ресми сапармен болған. Ұшақбортында одан басқа тағы жеті сарбаз болғанжәне олардың барлығы қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Нигерия билігі әуе апатының себептерін және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап жатыр.