Нигерияда салынған сурет Гиннестің рекордтар кітабына енді
Нигерия азаматы әлемдегі ең үлкен суретті салды және Гиннестің рекордтар кітабына енді.
UPI хабарлауынша, нигериялық дәрігері Фола Дэвид-Толарам Нигерия мәдениетін бейнелейтін 3300 шаршы метрлік алып сурет салып, есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізді.
Сурет түрлі халықтардың әртүрлілігін және елдің түрлі аймақтарының мәдени иконографиясын бейнелейтін кең ауқымды карта.
«Нигерия көпмәдениетті ел, мен осы ерекшелікті көрсететін бір нәрсе жасағым келді», – деген Дэвид-Толарам.
Жұмысқа кіріспес бұрын ол ел бойынша саяхат жасап, жақсырақ түсінікке ие болған. Ол өз шығармасын «Әртүрліліктегі бірлік» деп атады және оны су өтпейтін маркерлермен салған.