Нигерияда ұрланған 317 мектеп оқушылары босатылды
Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында бұрын ұрланған 317 оқушы қыздар жексенбіде босатылды.
Жергілікті «Nation» ақпаратында, бандыларға оқушы қыздарды босату үшін төлем төленгені жайлы мәлімет жоқ.
Қыздар 26 ақпанда Замфара штатының Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мектеп-интернаттан ұрланған. Күзетші киімін киген белгісіз біреулер кешкі уақытта мектепке бастырып кіріп, қыздарды далаға шығуға мәжбүрлеп содан кейін көліктерге отырғыза белгісіз бағытқа алып кеткен болатын.
Федералдық қауіпсіздік күштері бөлімшелері мен полиция 3 күн бойы іздеу жүргізген. Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қыздарды құтқару жайлы жергілікті қоғамдастықтармен келіссөздер жүргізген.