Нигерияда қарулы топ 50 адамды ұрлап кетті
Нигерияның Замфара штатында қарулы топ 50-ден астам адамды ұрлап кеткен.
«Франс Пресс» агенттігінің хабарлауынша, елдің шеткері аймақтарында азаматтар жиі қарулы шабуылдардың құрбаны болып келеді
— Қарулы топтар оңтүстік-батыстағы Замфара штатының Сабон-Гарин-Дамри ауылына шабуыл жасап, 50-ден астам адамды алып кетті, — делінген хабарда.
Аталған аймақтағы шеткі ауылдар жиі қарулы шабуылдардың құрбаны болып келеді. Қылмыскерлер көбінесе тұрғындарды ұрлап, кейін оларды босату үшін төлем талап етеді немесе үйлерді тонайды. Көп жағдайда ұрланғандар қарулы топтардың қолынан қаза табады.