French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигерияда қарулы қарақшылар автобустағы 15 жолаушыны ұрлап кетті
12:42 / 2021-04-13

Нигерияның солтүстігінде қарулы қарақшылар тобы автобустың 15 жолаушысын ұрлап кетті.

Жергілікті Leadership газетінің хабарлауынша, оқиға Кацина штатында болған. Онда 20-ға жуық қарулы қарақшылар тобы Сафан аймағындағы Цаксия - Уммадау бағыты бойынша жүріп бара жатқан автобусқа шабуыл жасаған. 

Қарулы топ жүргізушіні тоқтату үшін ескерту ретінде оқ үзген. Көлікте Джибия қаласындағы базардан саудагерлер автобуспен үйлеріне қайтып келе жатқандығы айтылған. 

Полиция өкілі Гамбо Иса автобус жолаушыларының ұрланғанын растады, делінген хабарламада.

Бұған дейін, Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында 317 оқушы қыздар ұрланып, артынан босатылған жағдай орын алған еді.