Нигерияның оңтүстік-батысында мұнай танкерінің жарылысынан 10 адам қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстік-батысында көлік көп қатынайтын тас жолда орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан жанармай таситын автоцистерна жарылып, нәтижесінде 10 адам қаза тапты.
Огун штаты Федералды жол қауіпсіздігі корпусының қолбасшысы Ахмед Умар баспасөз брифингінде Лагос - Ибадан тас жолы бойындағы орын алған жол-көлік оқиғасында бес көлік соқтығысқанын айтты.
Оның айтуынша, алдын ала тергеуде анықталған деректерге сай, жүк көлігінің бірі ең жоғары жылдамдықпен келе жатып, жүргізуші тізгінге ие бола алмаған соң жанармай таситын көлікке соғылған. Автоцистернаның жанармайы төгілуінен өрт орын алған.
Оқиғаға жақын жерде болған автобус пен тағы екі жүк көлігі де жалынға оранған. Қайтыс болғандардың барлығы автобуста бөгеліп қалғандар екені айтылған хабарламада.