Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигерияда мешітке жасалған шабуылдан 18 адам қаза болды
15:09 / 2021-10-26

Нигерияның солтүстігінде мотоцикл мінген қарулы адамдар Нигер штатындағы мешітке шабуыл жасап, 18 адам қаза тапты.

Reuters-тің хабарлауынша, қарулы шабуыл таңғы сағат 5 шамасында Маза Коука мекенінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер 10-нан астам адамды ұрлап кеткен. Сонымен қатар, оқиға салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шеккені айтылады хабарламада.

Соңғы уақытта Нигерияның орталығынан алыс аймақтарда қарулы шабуылдар мен зорлық-змбылық әрекеттері жиі болатына айтылады. Қауіпсіздік жөніндегі сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай үкіметтің қатысуы аз немесе мүлдем жоқ үлкен аумақтар шабуыл жасаушылардың жасырынатын орнына айналған.