Нигерияда кептелісте 100-ге жуық көлік өртенді
Нигерияда жанармай таситын автоцистернаның жарылуы салдарынан кептелісте 100-ге жуық көлік өртенді.
The Nation хабарынша, оқиға Риверс штатындағы Порт-Харкорт қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орын алған.
Онда жанармай таситын көлік апатқа ұшырап, жарылыс болып, өрт басқа көліктерге, соның ішінде жанармай цистерналарына да тараған. Көлік қозғалысының тығыздығы сонша, сондағы 100-ге жуық көлік өртенген.