Нигерияда «Боко Харам» тобының 103 террористі өлтірілді
Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» және ISWAP террористік ұйымдарына қарсы операцияда 103 террорист өлтірілді.
Нигерия Қорғаныс министрлігінің БАҚ директоры Муса Данмадами армияның соңғы 3 аптада Борно штатының аймақтарында «Боко Харам» және ISWAP лаңкестік ұйымдарына қарсы әуе және жердегі әскери операция жүргізілгенін мәлімдеп, операциялар барысында 103 террорист өлтірілген.
Оның айтуынша, 22-сі қолға түскен, 80 террорист отбасымен бірге өз еркімен берілген. Әскери операциялар барысында террористтер кепілге алған 30 адам құтқарылған.