Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигерияда автоцистерна жарылып, 147 адам қаза тапты
15:19 / 2024-10-17

Нигерияның солтүстігіндегі Жигава штатында жанармай таситын цистерна жарылып, 147 адам қайтыс болып, 70 адам жарақаттанды.

CNN мәліметінше, қайтыс болғандардың көпшілігі апат салдарынан төгілген жанармайды жинауға тырысқан. Оқиға 15 қазанда Маджия қаласында болған.

Жанармай таситын цистерна жүргізушісі басқаруды жоғалтып, автоцистерна аударылып кеткен, жанармай дренаждық арыққа төгілген. Осыдан кейін жергілікті тұрғындар жарылыс болған кезде жанармай алуға асыққан.

«Халық апат орнына жиналып, бұл жаппай қазаға әкеліп соқты», – деген Жигава полициясының өкілі Ван Гуард.

Полицияның ескертулеріне қарамастан, тұрғындар жинала берген. Нигерияда жанармай таситын көліктермен байланысты апаттар жиі болады. Қыркүйек айында Нигер штатында автоцистерна жолаушылар мен мал тасыған жүк көлігімен соқтығысып, 59 адам қаза тапқан еді. Федералдық Жол қауіпсіздігі комиссиясының есебіне сәйкес, Нигерияда жыл сайын жол қозғалысында қаза табушылар саны 40 мыңға жуық.

AFP мәліметтері бойынша, ел президенті Бола Тинубу 2023 жылы субсидияларды алып тастағаннан кейін Нигерияда бензин бағасы бес есе өсіп, жанармай тапшылығына әкелді. Соның салдарынан тұрғындар апаттардан кейін цистерналардан төгілген жанармайды жинауға мәжбүр болуда.