Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нигердегі қарулы шабуылда 34 сарбаз қаза тапты
13:07 / 2025-06-21

Нигердің батысында, Мали шекарасына жақын маңда жүздеген терроршы нигерлік 34 әскери қызметкердің өмірін жалмады.

Елдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуыл Тиллабери провинциясына қарасты Банибангу ауданында орын алған. Әзірге әскери базаға шабуыл жасаған содырлардың кім екені анықталмаған.

— 19 маусым күні бірнеше жүз жалдамалы содырдан құралған топ сегіз көлік пен 200-ден астам мотоциклмен келіп, Банибангу ауданына жойқын шабуыл жасады, — делінген министрлік мәлімдемесінде. — Әскерилер мен содырлар арасындағы қақтығыс кезінде 34 сарбаз қаза тауып, 14-і жарақат алған.

Мәлімдемеде шабуылдаушылардың көбі жойылғаны айтылғанымен, әзірге ешбір топ бұл шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алмағаны атап өтілген.

Министрлік сонымен қатар ауданға қосымша күштер жіберілгенін және содырларды табу үшін құрлық пен әуе арқылы іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.