Нидерландының Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
Нидерландының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған елшісі жұмысын бастады.
СІМ мәліметінше, ӨР Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидов Нидерландының елшісі (резиденциясы Астана қаласында) болып тағайындалған Андре Карстенстің сенім грамотасын қабылдады.
«Кездесуде саяси диалогты жандандыру және экономикалық дипломатияны дамыту арқылы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.
Ведомство хабарында, СІМ басшысы сауда-инвестициялық ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты институттандыруды ұсынғаны айтылған.