Нидерландылық бапкер теннистен 12 жылға шеттетілді
Нидерландылық теннис жаттықтырушысы Макс Вендерс сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерді бұзғаны үшін 12 жылға дисквалификацияланды.
Голландиялық бапкер Макс Вендерс сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерді бұзғаны үшін 12 жылға спорттан шеттетілді. Оған 12 мың доллар айыппұл салынды.
Теннистегі келеңсіз оқиғалармен күрес ұйымының (ITIA) сайтындағы хабарламада, Вендерс теннисте келісілген ойындарда қатысқан. Оған 12 мың доллар айыппұл және теннис ойнауға, жаттықтыруға немесе кез келген теннис іс-шарасына қатысуға тыйым салынады.
Ол «Келісілген ойындар туралы көптеген айыптарды» мойындап, «дәлелдерді жойғанын» айтқан. Дисквалификация 2021 жылдың 28 сәуірінде шешім қабылданған кезде күшіне енді.