Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нидерландыда жаппай карантин жарияланды
10:53 / 2020-12-15

Нидерланды үкіметі жаппай карантиндік шараларды 2021 жылдың 19 қаңтарына дейін енгізу туралы шешім қабылдады. Шектеу бүгін, 15 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Карантиндік шектеулерге байланысты елдегі барлық дүкендер жабылады (күнделікті өмірге ең қажетті өнімдерді сататындардан басқа), ал барлық мектептер сәрсенбіден бастап онлайн режимінде сабаққа көшеді және, азаматтарға үйде шықпау мен қонақтар шақырмауға кеңес берілген.

Нидерланды үкіметі карантин шараларына байланысты коменданттық сағатын енгізу жайлы да талқылап, оны енгізуді мақұлдамаған.

Дүйсенбі күні Нидерландыда 8496 коронавирустық жаңа жағдайы тіркелген. Пандемия басталғалы бері елде 621 мыңнан астам адам тәжіндетін жұқтырып, науқастардың 10 мыңнан астамы қайтыс болған.