Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нидерландыда пойыз апатынан 1 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды
15:13 / 2023-04-04

Нидерландыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетуі салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 30-ға жуық адам жарақат алды,

AP басылымының хабарлауынша, оқиға 4 сәуір күні таңертең Оңтүстік Нидерланды провинциясындағы Гаага маңында орналасқан Воорсхоттен қаласында болған.

Nu.nl порталы апат пойыздың жолда тұрған шағын құрылыс кранына соқтығысуы салдарынан орын алғаны жайлы жазған.

Апат нәтижесінде пойыздың бір алдыңғы вагоны рельстен шығып кеткен және вагондардың терезелері сынған.

Зардап шеккендерге жақын маңдағы үйлердің тұрғындары алғашқы медициналық көмек көрсеткен, содан кейін олар Утрехт қаласындағы жедел жабдықталған ауруханаға жеткізілгені айтылады хабарламада.

Pro Rail теміржол компаниясының бас директоры Йон Воппен оқиғаны «Нидерланды теміржолдары үшін қара күн» деп атап, апаттың себебін анықтауға уәде еткен.