Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нидерландыда COVID-19-қа қарсы наразылықтардан кейін коменданттық сағат ұзартылды
15:12 / 2021-02-09

Нидерланды үкіметі коронавирустың таралуына қарсы күрес шарасы ретінде бұрын енгізілген коменданттық сағатты ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл шаралар 2 наурызға дейін жалғасатын болып, кешкі уақытта 21:00-ден 04: 30-ға дейін себепсіз көшеге шығуға тыйым салынады. Сонымен қатар, үкімет қажетсіз дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына қойылған шектеулерді күшінде қалдырды, деп хабарлайды «interfax» ақпараттық агенттігі Нидерланды әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Егер вирустың таралу динамикасы жақсарса, коменданттық сағат 2 наурызға жетпей тоқтауы мүмкін. Елдің Әділет министрі Фердинанд Грапперхаус шектеулерді ұзарту қиын шара болатынын айтып, мүмкіндігінше оларды мерзімінен бұрын алып тастауға уәде берген. Үкіметтің коменданттық сағаттың эпидемиологиялық жағдайға әсерін бағалайтын келесі отырысы 23 ақпанда өтеді. 

Министрдің сөзіне қарағанда науқастардың көбеюіне және жаңа коронавирустық штамдардың пайда болуына алаңдаған медициналық сарапшылар коменданттық сағатты ұзартуға кеңес берген.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Нидерландыда коменданттық сағат күшіне енгеннен кейін бірқатар қалаларда, соның ішінде Амстердам мен Эйндховенде коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерге наразылық акциялары өтті. Тәртіпсіздіктер кезінде Амстердам қаласында бірнеше жарылыс болып, полиция мен тұрғындар арасында да қарсылықтар орын алған.