Нидерландыда AstraZeneca вакцинасын қолдану тоқтатылды
Нидерланды үкіметі бүкіл халықты AstraZeneca вакцинасымен вакцинациялауды тоқтатты.
NL Times хабарлауынша, бір күн бұрын елде 60 жастан асқан адамдарға осы вакцинаны егу тоқтатылған болатын. Дәрігерлер халыққа жаппай егуді тоқтату жайлы шешімге келуіне атаулы вакцинамен емделгендерде тромби пайда болғандығы себеп ретінде көрсетілген.
Өткен айда бірқатар Еуропа елдері Дания, Польша, Италия, Австия, Норвегия, Болгария, Исландия атаулы вакцинаны пайдаланудан бас тартқан болатын. Бұған себеп осы вакцинамен вакцинацияланған бірнеше адамның жағадайы нашарлап жағымсыз әсерлері байқалғандығы.
AstraZeneca ағылшын-швед фармацевтикалық компаниясы осындай хабарлардан кейін өзінің коронавирустық вакцинасының атауын Vaxzevria деп өзгертті. Бірақ бұл жағдай вакцина құрамына әсер етпейтіні де айтылды.