Нидерландылық тоқыма өндірушілер Өзбекстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі.
Өзбекстан елшісі Дилёр Хакимов Нидерландыда «Grosso Moda» компаниясының өндірістік директоры Ларс Альбласос және «Grosso Moda Uzbekistan» операциялық директоры Наталья Доллмен кездесті.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кездесуде Өзбекстанда кәсіпкерлік қызметті бастаудың маңызды бағыттары, «Grosso Moda» компаниясынан Өзбекстан серіктестеріне тапсырыстардың ұлғаюы нәтижесінде өндірістік қуатты бағалау, тапсырыстар артуы нәтижесінде өндірістік қуаттылықты бағалау, тапсырыстарды орналастыру үшін ең қолайлы мердігерді таңдау, экспорт көлемін ұлғайту, Нидерландыдағы компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігімен мамандандырылған студенттер үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, Еуропаға дайын өнімді жеткізу, зауыттарды дамыту сынды бірқатар мәселелер талқыланды.
«Grosso Moda» - жылына 2,5 миллион киім шығаратын дизайнерлік компания болып, өз жұмысын 1992 жылы сән өнімдерін және тоқыма қызметтерін жеткізуші ретінде бастаған. Бүгінгі күні «Grosso Moda» брендтерге арналған сән дизайны тұжырымдамалары, оларды өндіру және бөлшек сауда дүкендері, сән желілеріне жеткізумен айналысады.
Кездесу соңында нидерландылық компания мен өзбекстандық серіктестер арасында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.