Нидерланды күшті дауыл соғып қауіптілігінің «қызыл» деңгейі жарияланды
Схипхол халықаралық әуежайында (Нидерланды) дауылды жел салдарынан кем дегенде 300 рейс тоқтатылды, ағаштардың құлауы салдарынан елдің бірқатар аймақтарында жолдар жабылды.
«Поли дауылы кеше түнде елдің кейбір аймақтарынан өтті, бұл Нидерландыда жазда тіркелген ең күшті дауыл. Желдің екпіні 40 м/с жетті», - деп хабарлайды Нидерланды қоғамдық радиосы.
Табиғат апатынан әсіресе Нидерландының солтүстігі, Солтүстік Голландия, Фрисландия, Флеволанд провинциялары және Эйсселмер аймағы зардап шеккен. Онда ауа райы қауіптілігінің «қызыл» (ең қауіпті деңгейлердің бірі) деңгейі жарияланды. Қазір дауыл шығысқа қарай жылжуда.
Метеорологтардың айтуынша, дауылды ауа райы маусымы қазаннан сәуірге дейін созылатын Нидерланды үшін жаздағы мұндай күшті дауыл өте ерекше құбылыс.