Нидерланды ең үлкен газ кен орнын жабады
Кейінгі жылдары Нидерландының кен өндіру аймағында жер сілкінісі жиілеп кетті.
Euronews дерегінше, 1 қазанда Нидерланды елдің солтүстігіндегі Гронинген кен орнында газ өндіруді тоқтатады.
Бұл әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі және әлі де айтарлықтай шикізат қоры бар. Бірақ соңғы ширек ғасырда бұл аймақта кен орнын игеруге байланысты жер сілкіністері жиілеп, жұмысты тоқтатуға мәжбүр еткен.
Сонымен бірге, ел билігі энергетикалық дағдарыс жағдайында өндірісті қысқа мерзімге қалпына келтіру үшін бірнеше өндіріс орындарын толтыратынын атап өткен.