Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
NHL хоккейшілері 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына бармайды
11:51 / 2021-12-23

Ұлттық хоккей лигасында (NHL) өнер көрсететін хоккейшілер келесі жылы Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды.

22 желтоқсанда NHL басшылығы мен хоккей қауымдастығы бұл шешімнің коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына және аурулар санының артуына байланысты қабылданғанын ресми түрде хабарлады. 

Айта кетейік, NHL -дің өзінде қазір ковид жұқтырған хоккейшілердің саны 100-ден асты. Түсініктеме бойынша NHL қызметкерлерінің коронавирусқа байланысты көптеген матчтар кейінге қалдырылғанына шағымданған, ал Олимпиада түріндегі қосымша жүктеме маусым кестесін толығымен бұзуы мүмкіндігі айтылған хабарламада.

Еске сала кетейік, NHL ойыншылары 1998, 2002, 2006, 2010 және 2014 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан болып, 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасы оларсыз өткен болатын.