Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Неймар өз марапатын командаласына сыйлады
12:12 / 2020-08-13

ПСЖ 25 жыл дегенде Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты


Чемпиондар лигасының ширек финалдық кездсуінің алғашқы кездесуі «ПСЖ» мен «Аталанта» клубтары арасында өтіп, есеп 2:1 нәтижесінде француздық клубтың жеңісімен аяқталды.

Кездесуде италияндықтар жеңісті матчтың соңғы минутында қолдан шығарды. 27 минутта жартылай қорғаушы Марио Пашалич соққан голдан кейін, париждік клубтың қорғаушысы 5 нөмерлі Маркиньос 90 минутта есепті теңестірді. Содан кейін төрешінің ойындағы үзілістерге қосқан 5 минут уақыттың +3 (93 минут) сәтінде 79 минутта алаңға шыққан шабуылшы Шупо-Мотин екінші голды соғып «ПСЖ» клубын 25 жылдық күткен үмітін ақтады.

Париждік клуб бұған дейін жартылай финал кезеңіне 1995 жылда ойын көрсеткен. Сонда Италияның «Милан» командасынан екі кездесуде де жеңіліп жарысты аяқтаған еді.

«ПСЖ» мен «Аталанта» клубтары арасындағы кездесудің ең үздік футболшы марапатына Неймар лайық деп табылды. Бразилиялық аладоп шебері өз сыйлығын кездесудің шешуші голын соққан командаласы Эрик Шупо-Мотинге сыйға тартты.

Енді турнирдің жартылай финалында «ПСЖ» клубы, бүгінгі «РБ Лейпциг» пен «Атлетико» арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасатын болады.