Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Неймар Бразилия футбол тарихындағы сұрмергендер қатарында екінші футболшы
12:34 / 2020-10-14

Бразилия футбол тарихында өшпестей із қалдырған аңыз футболшылар қатарында Неймар үздік ойыншы екенін көрсетіп келеді


Бразилия футбол тарихында өшпестей із қалдырған аңыз футболшылар қатарында Неймар үздік ойыншы екенін көрсетіп келеді.

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар Бразилия футбол тарихында есімі үздіктер қатарынан орын алған атақты Роналдудың нәтижесінен озып құраманың екінші үздік бомбардиріне айналды.

Неймар 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші туры аясында Перуге қарсы өткен ойында хет-трик жасап, құрама сапындағы голдар санын 64-ке жеткізді. Осы көрсеткішімен ол қасқатіс Роналдудың (Луис Назарио де Лима) нәтижесінен жоғарылап Бразилия футбол тарихында үздік сұрмергендер сапында екінші орныға шықты. Роналду ұлттық құрама ойындарында 62 гол соққан болса, футбол корольі Пеле құрама команда ойындарында 77 голмен өз мансабын аяқтаған.