Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Неймар 2020 жылда Google-дегі ең танымал футболшы атанды
22:56 / 2021-01-05

«ПСЖ» клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар да Силва Сантос Джуниор 2020 жыл барысында Google-дегі ең танымал футболшы атанды.

SEMrush порталының мәліметінше, Неймар 2020 жылы кәсіпқой футболшылар арасында Google әлемінде ең көп ізделген футболшы атанды. Жанкүйерлер орташа есеппен бір айда Бразилиялық аладоп шеберін Googlе-де 482 636 рет іздеген екен.

Ал, екінші орында Туриндік «Ювентус» клубының шабуылшысы португалдық сұрмерген Криштиану Роналду (325.909 рет) болса, күшті үштікті «Барселона» капитаны Лионель Месси (118.545 рет) қорытындылаған.

Биылғы маусымда 28 жастағы Неймар «ПСЖ» сапында 12 мата алаңға шығып, 9 гол соқты және 5 нәтижелі пас берген. Ол 2019 жылда да Google-дегі ең танымал футболшы атанған болатын.