English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Netflix Карлос Алькарас туралы сериал түсіреді
12:41 / 2024-07-18

Netflix 2025 жылы «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы испан теннисшісі Карлос Алькарастың 2024 жылғы маусымы туралы баяндайтын деректі фильм сериясын шығарады.

Бұл туралы Netflix әлеуметтік желіде хабарлап, «Уимблдон чемпионына қайырлы таң. 2025 жылы Netflix-ке Карлос Алькарастың 2024 жылғы маусымын қамтитын жаңа деректі фильм сериясы жарық көреді!», деп жазған.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі, 14 шілдеде 21 жастағы Алькарас Уимблдон-2024 чемпионы атанды. Финалда ол «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичті үш сетте ұтты. Осылайша Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы атанды. 2024 жылғы Уимблдонға дейін ол US Open 2022, Уимблдон 2023 және Ролан Гаррос 2024 турнирлерінже жеңіске жеткен болатын.