Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Netflix Канье Уэст туралы деректі фильм көрсету құқығын 30 млн долларға сатып алды
16:00 / 2021-04-09

Netflix кинофильмдер платформасы американдық репер және бизнесмен Канье Уэсттің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі сериалдарды көрсету құқығын 30 млн долларға сатып алды. Атаулы туынды 2021 жылы жарыққа шығатын болып, ол 21 жыл бойы таспаланған.

Рэпер туралы фильмді екі кинематограф - Куди мен Чике түсірген. Сериял түсіру идеясы Куди мен Чикеге тиесілі. Онда - Каньенің 1990-шы жылдары Чикагодағы хип-хоп сахнасында пайда болуы, анасы Донда Уэсттің қайтыс болуы, Yeezy брендінің құрылуы және 2020 жылғы президенттік сайлаудағы сәтсіздіктері бейнеленген. Соңғы кездегі Канье Уэст өмірінде орын алған жұбайы Ким Кардашьянмен ажырасуы туралы кадрлар туындыда көрсетіле ме, жоқ па, бұл әзірге белгісіз.

Сериалдың атауы жарияланбаған, бірақ Netflix бұл картинаны осы жылдың соңында шығаратынын мәлімдеген.