Өнеркәсіп саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары жөнінде жиын өтті
Сыртқы нарықтардағы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін серіктес елдермен келісе отырып, теміржол көлік тасымалын жеңілдету маңыздылығы айтылды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 16 сәуірде химия, агротехникалық және автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарындағы өндіріс қарқынын қамтамасыз ету және жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Қазіргі уақыттағы коронавирус пандемиясына байланысты жер бетіндегі барлық елдердің экономикасына үлкен зиян келтіретіні белгілі болып, Халықаралық валюта қорының есебінше әлемдік экономика биыл кем дегенде 3 пайызға төмендейді деп күтілуде.
Осындай қиын кезеңде Өзбекстанда экономикалық тұрақтылықты сақтау және кірістердің халық табысыныңтөмендеп кетпеуін қамтамасыз ету үшін барлық резервтер пайдаланылуда. Қажетті шаралар жалпыға ортақ негізінде емес, әр сала үшін бөлек анықталатын болып, оларға көмектесу үшін Президент Әкімшілігі, үкімет басшылары, министрліктер мен ведомстволар күнделікті мәселелерді шешу үшін 128 ірі өндірістік кәсіпорындарға бекітілген.
Осы орында химия өнеркәсібінде бар қуаттылықтарды сақтай отырып, жаңа өндірістерді бастау үшін барлық мүмкіндіктер бар. Сондықтан «Узкимёсаноат» АҚ биылғы жыл 9 триллиондық сум өнімді шығару мен 280 миллион долларлық экспорт жасауды жоспарлаған. Сонымен қатар жақын бір ай көлемінде «Науаиыазот» поливинилхлорид зауытының қуаттылығын 90 пайызға дейін арттыру және азот қышқылын шығару бойынша жобаны іске қосу міндеті қойылды.
Сыртқы нарықтардағы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін серіктес елдермен келісе отырып, теміржол көлік тасымалын жеңілдету маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ «Агротехсаноатхолдинг» компаниясына ауылшаруашылық техникаларын электронды сату жүйесін енгізу міндеті қойылып, зауыттан шығар техниканың бағасы мен сапасын бәсекеге қабілетті етіп шығара, ауылшаруашылық өнімдері нарығына сәйкестендіре шығаруды және локализация деңгейін жоғарылату бойынша тапсырмалар берілді.

- Жергіліктендіруден мақсат - өзіміздің ауылдарға сай, фермерлерге қолайлы қол жетімді ұлттық тракторлар шығару, - деді Шавкат Мирзияев.
Жиында, мақта терімін механикаландыруды жеделдету және жылдың қыркүйек айына дейін кемінде 1000 мақта теретін машинаны жеткізу мен қатар, барлық аймақтарда қызмет көрсету орталықтарын құру міндеті қойылды.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.