Непалдың батысындаға жер сілкінісі салдарынан алты адам көз жұмды
Сәрсенбі күні таңертең Непалдың шалғай батысындағы Доти аймағында күшті жер сілкінісі болды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 02:12-де тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, бесеуі жараланған. Бірнеше ғимарат бүлінген.
«Мәйіттер құлаған ғимараттардың үйінділерінен шығарылды», - деген аудан әкімшілігінің басшысы Қалпана Шрестха.
Ресми өкілдің айтуынша, жер сілкінісінің ошағы Хаптад ұлттық саябағы аймағында болған. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі уақытта қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеуде.
Непал жер сілкінісі жиі болып тұратын аймақ саналады. 2015 жылы елде болған күшті жер сілкінісінен тоғыз мыңнан астам адам қаза тапқпан болатын.