Непалда парламент ғимараты өртке оранды
Непалда әлеуметтік желілердің бұғатталуына байланысты басталған жастар наразылығы қақтығысқа ұласты. Шерушілер ел парламенті ғимаратын өртеп жіберді. Бұрынғы премьер-министр Шер Бахадур Деубаның үйінде және Hilton қонақүйінде де өрт тіркелді.
India Today-дің дерегінше, қаза тапқандар саны 22 адамға жетіп, жараланғандар жүздеген адамға бағалануда. Сондай-ақ қаржы министрі Прасад Паудел шабуылға ұшыраған.
Наразылар Катманду мэрі Балендра Шахты уақытша премьер-министр етіп тағайындауды талап етуде.
Үкімет жаппай наразылықтардан кейін әлеуметтік желілерге қойылған тыйымды алып тастады. Reuters-тің хабарлауынша, полиция шерушілерді тарату үшін газ, су шашқыштар және таяқтар қолданған.